Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  76


Автор: Шынар Түйешиева

Жалғандағы сыңарымды сен дедім...

Жалғандағы сыңарымды сен дедім,
Сен дедім де, «Айды алып бер» дедім.
Айға жетер жол іздедің,
Жоқ, жаным!
Еркелегендігім еді ол менің...
Қатты жауып есігін бұл бөлменің,
Ескермедім көңіліңе келгенін.
Кеш, жарқыным, жара салсам жаныңа,
Еркелегендігім еді ол менің...
Қабақ шытып, өкпелетіп көрмедің,
Жылы тиер жан-дүниеме сендегі үн.
Сен бар жерде нәрестедей бейқаммын,
Еркелегендігім еді ол менің...
Жан дертімді шуағыңмен емдедің,
Маған пана өзің түгіл дем-лебің.
Соның бәрін сезбегенсіп мен жүрсем,
Еркелегендігім еді ол менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу