Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  556


Автор: Мұрат Өскiнбаев

Терме


І. ТЕРМЕ
Әлеумет, келсң алқалап,
Алсаңыз бізден сөз қалап.
Біз айталық өлеңді,
Өлең деген өнерді.
Әлеумет, құрсап келгенсің,
Көкірекке жол енді.
Сөз құрсауын шешейін,
Тыңдаймын десең кел енді.
Құлағың түр де қоя бер,
Сөз тыңдаймын дегенді.
Көрсетейін көзіңе,
Өрден аққан өзенді.
Өзен дария секілді,
Сөзімнің түбі терең-ді.
Мәжіліске келгенсін,
Бізге сөйле дегенсін,
Тартпайын бойым тез енді.
Жақсылар сағың сынбасын,
Жасы үлкендер тыңдасын.
Қанша толғау айтсам да,
Сөзін сатқан халыққа.
Жыршы емеспін кезеңді,
Біразырақ сөйлейін,
Көңіліңді делбейін,
Үлкен аға кіші бар,
Қатар құрбы төменгі.
Жалдан асса жүрмейді,
Бес күн дәурен сүрмейді,
Жолға мінбе көп енді.
Белгілі болма жаманға,
Табылмайтын тар жерде.
Қылады бір күн кереңді.
жаныңды қой деп жалынсаң,
Тесемін дейді төбеңді.
Артық та болса кем көрер.
Дәулетсіз болса денеңді,
Атасы ағаш екен деп,
Әлсіз көрме еменді.
Асылық артық адамды,
Атадан туған аз ғой деп,
Өлім көріп ұмтылма,
Қайырлатар бір күн кемеңді.
Ер мұрасы деп жүрміз,
Қара сауыт, ақ найза,
Кескір қылыш беренді.
Би дәулеті деп жүрміз,
Халықтан көбе жегенді.
Бай кемелге келгені,
Бай болғанын білгені.
Дәулетіне лайық,
Қызмет етсе көлемді,
Шеберге бақыт деп жүрміз.
Өнер етсе реңді,
Шешенге бақыт деп жүрміз.
Алқалаған шаршыжа,
Әлеуметті иіріп,
Мәжіліс құрған күреңді.
Балуанға бақыт деп жүрміз,
Алқада жықса біреуді,
Жыға алмаса біреуді,
Кетеді қайьіп тірі енді.
Әбүйір деген аз нәрсе,
Болады бетің кіреулі.
Жығылмайтын жан болмас,
Әзірет Әлі болмаса,
Қайратты көкке тіреулі.
Қанша қақасап айтсам да,
Шарудан басқа нәрсе жоқ,
Өнердің бәрі бір өңді.
ІІ. ТЕРМЕ
(Ақтаннан)
Кәріліктің белгісі,
Көңілдің қошы келмеген.
Жарлылықтың белгісі,
Жанын қинап өлмеген.
Жар қызықтың белгісі,
Өзіне-өзі сенбеген.
Батылдықтың белгісі,
Жасқантып жауын дендеген.
Әкімдіктің белгісі,
Тентекті тиіп жөндеген.
Тентектіктің белгісі,
Қауіп етпеген пендеден.
Сақилықтың белгісі,
Дерексіз нәрсе бермеген.
Жамандықтың белгісі,
Қауымға бас кірмеген.
Қаталдықтың белгісі,
Халықтың көңілін көрмеген.
Төреліктің белгісі,
Аяғын басып жүрмеген,
Жігіттіктің белгісі,
Мезгілсіз жүрген көлденең,
Сұлулықтың белгісі,
Көргендер аңсап шөлдеген.
Шеберліктің белгісі,
Өнер жасап өңдеген.
Шешендіктің белгісі,
Алқалы топ шаршыда,
Әлеуметті иіріп,
Үгіт айтқан термеден.
Сопылықтың белгісі,
Езуін тартып күлмеген.
Бұл дүниеге ермеген.
Ғалымдықтың белгісі,
Болмайды заты білмеген,
Зұлымдықтың белгісі,
Жұмыла жанға сенбеген.
Әділдіктің белгісі,
Жақсы-жаман халықты,
Бірдей көріп білмеген,
Екіталай болғанда,
Айқын жүйрік терлеген.
Кейбіреуге айт десең,
Сатады сөзін теңдеген.
Менің сөзім сатусыз,
Аға менен жеңгеден,
Құлақ қатып тыңдасаң,
Зейініңнен танбасаң
Менің сөзім қошамет,
Көңіліңді бүгін делбеген.
ІІІ. ТЕРМЕ
Ортасында көп болдым,
Астана байтақ халқының.
Мерекесін атқардық,
Көп жиналған жалпының.
Аға мен іні, жеңгенің,
Алдында талай шалқыдым.
Көрмеген жерді көрсем деп,
Қанатты жайып талпындым.
Жұрт алдында әшкере еттім,
Ескі жыр мен жаңа жыр,
Ақындардың алтынын,
Ұйымдасып біріккен,
Талайын көрдім шаршының.
Орынды жерде оытрып,
Дуадақтай қалқыдым.
Атағына халқы ырза,
Біздің шалдың даңқының.
Жақсы менен жаманның
Белгілі көпке парқының.
Ауыздан қисық сөз шықса,
Алып таста артығын.
Атамыздың жолы деп,
Жұрт алдында жайнаттым.
Өнердің түрлі жарқылын.
Біреулерді қарасаң,
Бекер босқа мақтанып,
Кептіре берді алқымын.
Кейбіреулерге айт десең,
Өнерін көпке бұлдайды,
Ұнатпас халық мұндайды,
Қай бағытта жүргенін,
Сыртыңнан халық тыңдайды,
Білгіштер көп пікірлі,
Бет алдында сынайды.
Жорға менен жүйріктің,
Тері кеппей тынбайды.
Көп ұнаған шет болмас,
Білетін болсаң ыңғайды.
Халық ырзалық көрсетсе,
Ақынның сағы сынбайды.
Атаға жастан ергеннен,
Өнердің жолын бергеннен,
Тыңдауға құмар кей халық,
Қуанады келгенне,
Өкпелейді құрбылар,
Өтіп кетсең дөндерден.
Мерекені құттықтап,
Талайдың көңілі желденген.
Шаршамаймыз шалығып,
Көп алғысы дем берген.
Алғыс алған азбайтын,
Деп айтады кез келген.
Қарғыс алған жігіттің,
Болады жолы сергелдең.
Азамат болар жігіттің,
Етек-жеңі кең келген.
Тайпалас жүрген жорғаның,
Төрт аяғы тең келген
Бүгінгі күні адам айдап,
Шайыры едім мен келген.
Қашаннан да халықтың,
Алып жүрген үлесін,
Аяйын ба сендерден.
Жасымннан да қыдырып,
Өнерім еді ел кезген.
Аралап дәмін мен таттым,
Қазақстан, Алматы,
Түркіменстан жерлерден.
Жасымыздан жырладық,
Атаның жолын қолданып.
Қандай жерге келсем де,
Көргенім жоқ бұлданып.
Басымызды базарға,
Талай салды бұл халық.
Кімдерден өнер кеткен жоқ,
Арт жағында тұлғалап.
Бұл жалғанда тұл қалып,
Өткізейін ырғалып.
Әуелден де келе жатқан,
Біздікі осы бір бағыт.
Кісіге қарай аузымыз,
Кете қалмас ұрланып.
Мерекені талай атқардық,
Сегіз сырлы, қырланып,
Тірліктің дәуірін,
Өткізейін базарлап.
Халықтың сағы сынбасын,
Келе қалса назарлап.
Көп назарын сындырсаң,
Сақтары сынып, сазармақ.
Ел сүйегі қызады,
Айтып берсең жаралап.
Түсінбейтін адамға.
Сөз айтқаның не керек.
Бетіне қарай бажаңдап,
Бөлек-бөлек бөлме бар,
Ішінен қарап өңдеп ал,
Нар асылын абайлап.
Қиысығын түзеп жөндеп ал,
Ескілерден қалған бір,
Айтылмай жатқан көмбе бар.
Қалағаның сөз болса,
Сөз асылы менде бар.
Тәртіп сақтап тыңдасаң,
Жақсы айтатын жер де бар.
Қалай да болса көпішілік,
Ендігі міндет сенде бар.
ІV. ТЕРМЕ
Астанаға барғаннан
Міндетімді ақтадым.
Тарихта қалдырдым
Күйі мен халық тақпағын.
Маңқыстауға келген соң,
Байлығын айтып мақтадым.
Толып жатыр әр жерде
Алқаға түсіп шапқаным.
Әрі күйші, әрі ақын
Өнерлі жолға түсті деп,
Естідім айтып жатқанын.
Дастарқаны жайылып,
Беріп жүр әркім тапқанын.
Мерекелі жер болса,
Желпіндірер көңілді
Түсіріп жастық шақтағын.
Жақсылардан шапағат,
Жамандардан кесепат,
Бәлелерден сақтағын.
Күй тартып жырды жырлаттым,
Магнитофон табақпен.
Құрметін іштім сыйланып,
Әрбір түрлі тармақпен.
Ақырғы зиян келгенше,
Қолданыпты пайғамбар,
Сол уақытта шараппен.
Тастаған екен қысқартып,
Әрекет бұзық қараппен,
Шараптың жақсы, жаманы
Келген екен ғалымға
Парсы, түркі, арабпен.
Молдалар содан сақтанған,
Кітабын ашып ақтарған.
Кім де болса тыңдапты,
Шариғат жолын ақпардан.
Тәртібін әркім сақтасын,
Басындағы дәуірін,
Кім де болса мақтасын.
Үкімет, халық, сыйлайды,
Еңбегің зор жаққасын.
Осы заман гүлденді
Қамқорлық етіп партия
Еңбекші елін баққасын.
Көред деп жастар отырмыз
Коммунизм қақпасын.
Әртүрлі сөзді келтірдім
Ақын деп атақ таққасын.
Болынған екі дәуірдің
Айырып айттым арасын.
Пленкасын толтырдым,
Деп елге кеңінен тарасын.
Кемшілік болса өнерден
Білгіштер айтар арасын.
Маңғысатаудың қартымын,
Бұрынғының артымын,
Кейінгі жастар баласың.
Біздің қазақ шұғылшыл
Жамандық айтса нанасың.
Біреулер жүред суылдап,
Кім де болса өсектеп.
Әр жерлерге тастайды
Өтірігін көсектеп.
Орынсыз сөздің барлығы
Өзінен-өзі өшед деп.
Өұлымдықтың өмірін,
Ойламас ел өсед деп.
Оның сөзі құрысын
Бет алдына бөсед деп.
Қоянның ізі бірігіп,
Қой шәріне қосылса,
Шығара алмас есептеп.
Мысалға алып толғадым
Ақылды, дана, милы адам
Осыны талдап, шешед деп
Жас үлкейіа келген соң,
Бұрынғы шалғай жүрістің
Аузын жаптым печаттап,
Ендігі жерде қиналып,
Бұрынғыдай жыр айтпан,
Білмеске қадір сыр айтпан.
Көргенсізге болмайды,
Мағынасыз құр, айтқан.
Жадыраған жақсылар
Көңілдің күшін тыңайтқан.
Орын таппай бармаймын,
Шақырған жерден қалмаймын.
Қашаннан ата мирасы
Біреуден сұрап алмаймын.
Сыйлаған жақсы жер болса,
Сол күні өсем дардаймын.
Шабытыма түскенде
Әлі де шапсам танбаймын.
Сондықтан елдің арасын,
Қыдырып жүрін аңдаймын.
Ықыласымен жарқылдап,
Күліп берген шай суын.
Жазығы керек маңдайдың.
Әзірше сөйлеп қалайын,
Тозығы жетіп тоқталар,
Сайраған тіл мен таңдайдың
Айтып жүр талай азамат,
Жырлағанмен көбі қыдырып,
Өнерден алған еңбек жоқ
Өзім болдым деп айтса,
Түсіндіріп жеңбек жоқ.
Ел жыршысы болғанмен
Тарихқа енген жоқ.
Артында өнер қалмаса,
Дүнияға бұлар келген жоқ.
Мысал етіп қарасаң,
Осалмын дейтін пендең жоқ,
Өзінің жолын қуаттап,
Пайдасын айтса сенген жоқ.
Сөйтіп жүрген нашарлар
Атақтыларға ерген жоқ.
Аяқ асты тап болып,
Туыста өнер берген жоқ.
Атақтылар кеткен соң,
Қалғандары жырлап жүр.
Біреудің сөзін біреуге
Ауыстырып, ұрлап жүр.
Қисынын тапса біреулер,
Аударып өңін сырлап жүр.
Күндеушілік арада
Біреуді-біреуді қырлап жүр.
Қыран құстай шарықтап,
Өзінше ұшып, пырлап жүр.
Мереке болса менікі
Деп машинамен зырлап жүр.
Мысал етіп қарасаң,
Жақыны болса қолпаштап,
Қарақшы туын былғап жүр.
Ұзақбай, Сүгір қартайды
Ендігілер ермек қой.
Әркімнің өлшеу нәсібін
Азды-көпті бермек қой.
Шын жүйрік болсаң атыңды
Бәйгілі жерде ерлеп қой.
Әйгілі болсаң ажарлап,
Өнеріңді зерлеп қой.
Талантты жолға түссеңіз,
Қаумасын халық бермек қой.
Сайраған тіл мен жақ қалар,
Арт жағында ат қалар,
Уақыт өмір жеңбек қой.
Деп айтқан елдің сөзі бар.
Мағыналы шындықтың
Байқап тұрсаң өзі бар.
Ақындар өткен бұрынғы
Қайнарлы бұлақ көзі бар.
Бйақап тұрсаң өнердің
Алтын, күміс, жезі бар.
Мақпал, жібек, тауардың
Шыты менен бөзі бар.
Ұзынды-қысқа өлшейтін
Әркімнің қолда кезі бар.
Қисықтардың түзеткен
Көпшіліктің тезі бар.
Шамаң келсе, жақсылар.
Айтылған осы сөзімнің,
Парасатын сезіп ал.
V. ТЕРМЕ
Өлмесеңдер бәрің де қартаясың,
Тұра аллмай жастығында жантаясың.
Аяғың қақтығысып шалыс түсіп,
Еңкейсең, біресе шалқаясың.
Тосыннан жетіп келген кәрілік жаман,
Оқиға басқа түскен тарлық жаман.
Адамды арықтатып, аздыратын
Қайғылы ішке түскен зарлық жаман.
Адамға ойын менен күлкі керек,
Уақытша дүниенің мүлкі керек.
Билейтін ашып-жауып алақанды
Өмірдің тиянақты кілті керек.
Қызықты бұл дәуірдің салты керек,
Жігіттің қадыр тұтар халқы керек.
Өтесң де тұсында мықты болып,
Кісінің абыройлы арты керек.
Көрмесін жас ұрпақтар жамандықты,
Жүрмеңіз жолдас қылып надандықты.
Жастардың жақсыларын көріп жүрміз,
Меңгеріп істеп жатыр мамандықты.
Тұрмысын көріп жүрміз жас жігіттің,
Көрмеген қиындығын тапшылықтың.
Не керек ішіп-жеуге бәрі дайын,
Жолында түсіп алдық масшылықтың.
Көргенсіз көріп жүрміз келін-қызды,
Өзінің инабатты жолын бұзды.
Сыйламай кейбіреулер ата-анасын,
Тумалас өсіп-өнген елін бұзды.
Құр бекер ақыл айтпа білемін деп,
Еркімше күліп-ойнап жүремін деп,
Бет аузын күндіз-түні бояйды кеп,
Өзгеріп, сұлу болсын реңі деп.
Белгісіз жүргендері қайда кезіп,
Өтеді көрінгенді басып езіп,
Кей кезде басын көрген бытырайды
Қорқатын адамдарды қалса сезіп.
Тастаңыз, жас ұландар, бұл қылықты,
Айнымас азамат бол тыңғылықты.
Аш болып, азып жүрген сендер емес,
Үйің бар тумаласпен тұрғылықты.
Жігітке қиянатты қорлық жаман,
Қорлаған біреулерді зорлық жаман.
Осындай кеңшілікті көтермесе,
Туады бастарына ақырзаман.
Балалар, шамаң келсе тәртіп ойла.
Тәртіпті пайдаланып артық ойла.
Кәзіргі ел басқарған азаматтар
Жуытпас жаман мінез бас пен бәйге.
Ас, балалар, оқу менен білім алып,
Үлкеннің өсиетті тілін алып,
Советтің еңбек сүйер ұлдары бол,
Рухынан лениизмнің біліп алып.
Ал жастар түсінсеңіз өсиетім,
Кетпесін жайнап өскен қасиетің.
Гүлдендің коммунизм дәуірінде
Адам бол жұртшылығың бас иетін.
Бүгін де шығып отыр кіл жастардан,
Аз емес әр жерлерде ел басқарған.
Көрсетіп басшылығын Отан үшін
Шығып жүр талай ерлер жолдастардан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу