Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  85


Автор: Бесінбай Бегеніш

Бекдұрды Ишан

Білімге жүдә жетікті,
Ұшқыр болып қиялы.
Бекетпен тұстас өтіпті,
Бұкдұрды Ишан зиялы.
Ислам дінін таратып,
Білімі зәйтүн көктеген.
Мешіт соғып, қалапты,
Ешкімге зәбір етпеген.
Шариғаттың жолымен,
Уағыздаған залалды.
Қабір қазып қолымен,
Мәңгілік сонда қала алды.
Зиярат етіп қайтуға,
Келетін бар алыстан.
Ишан екен айтулы,
Құранға жетік танысқан.
Жәннаттай жәйін жасаған,
Пейіштен орны болсын деп.
Әлсіз бе сонда осы адам?
Ниеті қабыл болсын тек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу