Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  73


Автор: Балта Қосбармақ

Жалғыздық

Өтуде менің өмірім,
Таба алмай жалғыз серігін.
Шыныңды айтшы, өмірім,
Берді екен маған сені кім?!
Жаратты ма әлде бұ тағдыр –
«Жоғары ұстап кеудесін,
Жүрсін, - деп, - жер ғып көңілін»?!
Берді екен маған сені кім?!.
Өтуде өмір,
Көп елдің


Бірімін.
Мен де өлермін.
Қиналмас едім өткенге,
Қинайды мені келер күн.
Жолдары сынды жылдарым
Ұйқаспай қалған өлеңнің.
Жарық таң бол сен – бәрібір,
Қара түн бол сен – бәрібір,
«Көрмеймін сені» демеймін,
Тезірек келші, келер КҮН!
Өмірде не көп, жақсылар?!
Кез-келген жерден ат суар,
Қайра да қылыш, қанжарды,
Сапта да болат найзаңды,
Кезенген жауға шапшы, бар!
Қаншама жауы көп болсын,
Үмітсіз жігіт жоқ шығар.
Бірақ та, бірақ,
Жақсылар,
Робинзонның әр күні
Үмітке менен тоқ шығар.
09.05.1982 жыл.
Алматы, жатақхана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу