Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  93


Автор: Айсырға Қилыбаева

ҰЛТ НАҚЫШЫ БЕДЕРІҢДЕ

Әдемхан, құтты болсын 55-ің!
Думанды той-томалақ сейілмесін!
Сыпайы, ілтипатты мінезіңмен
Ағайын, достарыңның төріндесің.
Көркің сай ақылыңа, атыңа да,
Кенташтың ренжуге қахы бар ма?!
Жас кезің елестейді – фестивальда
Шырқаған халық әнін сахнада.
Жарасып ұлттық нақыш бедеріңе,
Тәнтіміз шеберлік қолөнеріңе.
Аласың алысыңды жақын етіп,
Жолатпай кір-кіреуке көңіліңе.
Жақсы дос, құтты болсын 55-ің!
Өзіңдей жанұяңа келін келсін!
Ұл-қызың кеңге жайып өрісіңді,
Көл-көңіл ортаймасын, төгілмесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу