Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  269


Автор: Айсырға Қилыбаева

ТОЙҒА ШАШУ

(Шаңхан Нұрбаулинаға)
Белгілі Нұрбаулы – әкең, атың – Шаңхан,
Жүрегің досқа адал, жаның дархан.
60-қа бәрімізден бұрын жетіп,
Аяқты басып жүрсің балпаң-балпаң.
Дос, туыс үйіріліп маңайыңа,
Керексің, қадірлісің ағайынға.
Сенде жоқ қабақ шыту, ашулану,
Қашанда екі езуің құлағыңда.
Кластың алғыры едің, тентегі едің,
Тағдырдың теперішін ерте көрдің.
Анадан айрылғанда 14 жаста
Мен көрген үш баланың үлкені едің.
Дархансың – ел қонғандай алды-артың,
Шаңқандай пейілің ақ, жаның жарқын.
Тағдырың күлдірсе де, күйдірсе де,
Баяғы өзгермейді жайсаң қалпың.
Бірге іштік бала кездің бал шырынын,
Жалғыз тал – жапырағын жайсын ұлың!
Мейрамкүл – менің қызым, Оркаң бар ғой,
Қызығын көрші екі-үш талшығыңның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу