Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  306


Автор: Айсырға Қилыбаева

МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙЫ

Қарасақ Қазақстан картасына,
Айналған сан байлықтың алқасына.
Талайлар моншақ ілді, шекпен киді
Маңғыстау мұнайының арқасында.
Біледі айдай әлем бұл өлкені,
Мәңгілік мекендеген жыр-ертегі.
Малдарын қырып-жойып аңқау қазақ,
Маңғыстау мұнайымен күнелтеді.
Жақсымен жайсаң жаны жарасатын,
Жайымен үлкен-кіші санасатын,
Шуақты мейірімге жаны толық,
Биіктеу көрсететін парасатын.
Жататын еңбегімен парақталып,
Жандардың өмір жолын сарапталық.
Жақсыны жарқыратып көрсете алмай,
Жүреміз мысты алтынға балап қалып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу