Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  97


Автор: Айсырға Қилыбаева

ДАЛАМ МЕНІҢ!

Далам менің!
Абыз бен пірдің мекені,
Өз ұрпағына уызы, дәмі жетеді.
Құдайсыз қонақ ішіп-жеп болып, тағы да
Торсығын және толтырып алып кетеді.
Далам менің!
Суың мен құмың жарасқан,
Түйілген бұлтың жаңбыр мен қар боп тарасқан.
Желмая мініп, жер танып жүрген абыз да
«Келімсектердің несібесі» деп бал ашқан.
Далам менің!
Пейілің неткен кең еді!
Жоқшы мен бақсы құрығын сала келеді.
Көз жауын алып, тартады алыс-жақынды
Қазақстанның желбіреп көкшіл желегі.
Далам менің!
Керілген кербез, керімсің,
Шаңырақ өрлеп, керегең кеңге керілсін!
Қарғаның емес, қыранның болып мекені,
Жанарың жайнап, бұрымың гүлмен өрілсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу