Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  96


Автор: Айсырға Қилыбаева

АРҒЫ БАБАМ

Түркілердің тұрағы – Тұран дала,
Көз тартады алыстан мұнарлана.
Боғдыхан мен ақ патша жарлығынан
Қалған сарқыт айналды ұлы арнаға.
Арғы бабам – кең қолтық аңғал адам,
Тасқа қашап, тарихын таңбалаған.
Күндіз-түні елі мен жерін қорып,
Аналығы – Көк бөрі, тегі – арлан.
Мен – осындай бабаның ұланымын,
Жанып тұрған артында шырағымын.
«Тірі жүріп, әкенің ізіне ерің,
Таңдай қағу, - дейді анам, - жаман ырым».
Қазақ елі – көп көшіп, босқан халық,
Жалғыз қызын жат жұртқа қосқан халық.
Жалғыз ауыз сөзімен дауды шешіп,
Ұлы асын мейманға тосқан халық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу