Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  68


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ӨЗІҢ БЕ ДЕП...

Шапқан аттың тұяғы,
Күй төгеді далаға.
Сенің жырың емес пе,
Сол бір әуен, жан аға.
Жайық бойы кең шалқар,
Байтақ дала жыр іші.
Күмбірлеген жырыңның
Емес пе екен тынысы?!
Шымыр-шымыр су беті,
Сезім бе деп қаламын.
Жыр алдында бұрқаған,
Өзің бе деп қаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу