Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  103


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

КҮЙШІГЕ

Адуын саздың, аққанат күйдің,
Перісі ме едің, серісі ме едің?
Ақтолқын атқан дария едің,
Бұлақ боп саған көрісіп едім.
Құрыстап көгің, шатырлап жаның,
Ағыл да тегіл құйғанда күйді,
Сиқыр саз билеп, тулайтын қаным,
Сол өнер жерге қалайша сыйды?
Домбыра, шіркін, калыпсың сұлық
Сексен жыл жүрген серігі болып.
Тұнжырап тұрсың көңілің сынып,
Ішегің бойы қайғыға толып.
Сан жылдың сырын сағаңа сақтап,
Тұрғанша бүйтіп әдірә қалып,
Жетім қалған ботадай қақсап,
Тынбайсың неге аңырап алып?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу