Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  92


Автор: Бірғали Байекеев

ДАРАҚ

Халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлына
Қашағандай алыпқа іні болған,
өлеңімен халыққа ірі болған.
Ақындардың табынар пірі болған,
Жүректерде жағылған нұры болған.
Құламайтын дарақтың діңі болған,
Жарқыраған шындықтың тіні болған.
Жаманыңа адамның сыны болған,
Қиып түсер қылыштың қыны болған.
Өлең жолын қамшыдай өріп берген,
Талантымен халқына көрік берген,
Шежіресін тарихтың құйып алған,
Бар асылын бойына түйіп алған.
Ерен пейіл елінің тілі болған,
Ақындардың ең алып пілі болған.
Алқалаған қауымнан сыйы болған,
Жұлын-жұлын жырлардың миы болған
Сәтекем.
Ақын атын ұмыту-ұрпақтарға жат екен,
Құдіретсің, құдіретсің, Сәтекем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу