Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  65


Автор: Серікбай Бердияров

Жүргеніңде өз-өзіңді қамшылап...

Жүргеніңде өз-өзіңді қамшылап,
Пайдаң тисе айналаңа тамшыдай,
Елі жұртың қамқорлықты сезінсе,
Сенімдерін найза ұшына шаншымай.
Нәрленсеңіз диханшыдай еккенге,
Жаудырсаңыз ризашылық көктемге.
Дауысыңыз шығарма еді деген ғой,
Басқаларға қарағанда өктемдеу.
Аспаныңа атқылайтын асаулық,
Болмаса деп тілек тіле жасанды.
Өтірікке бой алдырып алсаңыз,
Шаң тозаңға батырады шашаңды.
Жол сияқты жердің-көктің арасы,
Шарғылаумен шет шегіне барасын.
Сол арада жинағыңыз дөңгелеп,
Тапқанына қуанасын жарасым.
Ақылыңа ақыл қосып алардай,
Үміт болсын өзгелерге жоларда.
Жалғыздықтың жамандығы өте көп,
Жатар орын іздетеді қонарға.
Бірге соқсын өкпе, бауыр, жүрегің,
Жеке дара адамның -ол тірегі.
Жауап бермей өз басына біреулер
Мен білмеймін қалай өмір сүреді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу