Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  73


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ҚЫЗ КҮТУ

Мынау аспан астында,
Бір ғана ғашық.
Нұрдан адасып келеді,
Ұрлана басып.
Жүрегім сағынды сені,
Жүрегім сағынды сені.
Тістерін ақситып алып,
Төбетің қанымды ішеді...
Қара шал күркілдеп жатыр,
Отауын жау қамағандай.
Аспанның бұлты да сирек,
Сараңнан саудалағандай!..
Түнімен үйіңді айналып,
Қасқырың ұйқымда ереді.
Іргеңе көлеңкем түссе,
Алдымен итің көреді!..
Ілесіп үрейімді алады,
Ізімнен көлеңкем еріп.
Аяулым,жесір қаласың,
Есікте көнерте беріп!..
Өзегім ауызыма тығылып,
Жүрегім дүрсіл қағады.
Ауылға айғай салады,
Әйнектің тырсылдағаны!..
Өрмелеп өлетін болдым,
Қос пенен қос арасында.
Шықпасаң мүрдем қалады,
Үйіңнің босағасында!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу