Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  73


Автор: Қалбай Әбдіраманов

МАХАББАТТЫҢ БАРЫНДА...

Аққу құстар-Армандар,
Өмірімді жалғаңдар!
От берем деп біреуге,
Отқа түсіп қалмаңдар!..
Жалының бар,нұрың бар,
Сәл жылыта тұрыңдар.
Зорлап өлең дегенді,
Жаздырады... сұлулар!
Не десең де хақың бар,
(Жанар отқа жақын бар!..)
Арулардың алдында,
Тіз шөгеді ақындар!..
Тырнақ салма жауырға,
Өртесең де жалынға.
Өлең де -өлең,сөз де-өлең,
Махаббаттың барында!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу