Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  126


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ҰНАЙМЫН БА?!.

Ұнаймын ба, жан сәулем, ұнаймын ба?!
Ұнамасам көгiмнен құлаймын да!
Екеумiз екi жақтан ұшып келiп,
Қатарласып қонамыз бiр айдынға!
Аққудың iшi – аққу, сырты – қыран,
Қорқамын мергендердiң мылтығынан!
Телмiрiп екi бiрдей сұғанақ көз,
Қарайды киiз үйдiң жыртығынан!
Ұнаймын ба, жан сәулем, ұнаймын ба?!
Ұнамасам көгiмнен құлаймын да!
Көзi жаман сұқтанған сұғанақтың,
Несi бар-ай,бұл жұрттың шырайлымда!
Сұқтанбашы жаман көз жылтыңдаған!
Мен өзiмнiң үйiмнiң кiлтiн бағам!
Көздемешi аққуды қасымдағы,
Оқтың тиiп кетуi мүмкiн маған!
Ұнаймын ба, жан сәулем, ұнаймын ба,
Ұнамасам көгiмнен құлаймын да!
Сен бiреудiң отына жанып кетсең,
Отыра ғап алдыңа жылаймын да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу