Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  99


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Қазір менің жанымда жаңалық бар...

Қазір менің жанымда жаңалық бар,
Қазір менің басымда даналық бар.
Махаббат бар,сезім бар көңілімде,
Сол сезімнің барлығын сен алып қал!
Ал қайғымның жартысын жарыласып,
Жүріп еді сөзімнің дәмі қашып.
Жүрегімде барымды ақтарайын,
Мынау аппақ әлемге пәк қарайын,
Көңілімнің кетейін бәрін ашып!..
Адам құсап ағымнан жарылайын!
(Айтсаң іштен шығады сары уайым!)
Керек емес өмірде жалған бақыт,
Мен тұрмыстың жеңілін неғылайын?!.
Кім біледі,қандай боп көрінемін,
Мен берілсем мәңгілік берілемін!..
Жүрегімде болмаса бір ақиқат,
Өтірікті жазуға ерінемін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу