Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  103


Автор: Төлеген Жанғалиев

Іздеу

Қай қабақтан іздейін енді сені,
Қайырымсыз адамның арғы тегі.
Қайыршының қалтасы әлі тесік,
Қарабайға әлі де мал бітеді.
Қай өңештен іздейін өңшең адал,
Дертті адамға дем беріп, дерте болар.
Қатшылықтың астында қалдың ба әлде,
Қақырап қаңтардағы қарша борар.
Іздеу қиын, ал табу – одан асқан,
Қайғы аспаған заманда қарабастан.
... Ауыл көшіп барады қала жаққа,
Сағым көшіп келеді қала жақтан..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу