Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  81


Автор: Баян Тіленшина

АНА БАҚЫТЫ

Рауанды, нұрлы бақтардың,
Бар гүлін саған сақтармын.
Айтшы сен маған, асылым,
Теңіздей неге тасыдың?
Жыр- жауһар жиған жасыным,
Көзіңде мұң тұр жасырын.
Жүректің тыңда дүрсілін,
Жүректе өнген бүршігім.
Қайырмасы:
Өзіңсің менің бақытым,
Жанарым, жаным, жақұтым!
Өзіңдей Еңлік гүл кімде,
бар екен, айтшы, бұл күнде?
Жасыма, менің ардағым,
Жанымды саған арнадым.
Туылған Сенің күніңде,
Сыйлаған осы –гүлім де!
Куә бол, Ай, Күн, ақ аспан,
Өзінен кімнің бағы асқан?!
Қайырмасы:
Өзіңсің менің бақытым,
Жанарым, жаным, жақұтым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу