Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  68


Автор: Григол ОРБЕЛИАНИ

ШАҒЫН ШУМАҚТАР

1
Раушан гүл солсын балғын қалпында-ақ,
Жел әкетсін аспанға әрбір бұтағын, –
Тұрса екен тек, інжу сынды жарқылдап,
Сүйікті ерін шашып күлкі жұпарын.
1827
2
Құр тілек қана – сыңарым,
Бойды алар кейде от орап, –
Таусылды майы шыраның,
От сөнді, өшті махаббат.
1832
 3
Гүл ұстаған Нина оранған жұпармен,
Кім айта алар кімге кімнен сый барын:
Әлде Нина – раушаннан жұтар дем,
Әлде раушан – жұпарынан Нинаның?
3 февраль 1833
4
Шат бұлбұл кеп төкті гүлге арманын,
Ғашық жырсыз гүлдің өрті тұтап па?! –
Ісі құрсын – қылыштұмсық қарғаның,
Қыстырылып ол да қонды – бұтаққа!
3 март 1812




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу