Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  76


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тұрғанда жайнап гүл-өңім...

Тұрғанда жайнап гүл-өңім,
Дала да жайып кілемін,
Жалғанды жалпақ, әрине,
Аяқпен басып жүремін,
Аяқ па сонда тірегім?
Қопарған тыңды түренім,
Түспейді қолдан күрегім,
Оның да сырын білемін,
Білекпен өмір сүремін,
Білек пе сонда тірегім?
Аралап жүрсем жыр елін,
Жанымның білер кім емін?
Жылаймын, кейде күлемін,
Тірегім – жалғыз жүрегім,
Әу баста Алла жаратқан,
Тәніме қанды таратқан
Жүрегім – менің тірегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу