Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  80


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тірелер жер ат басы...

Тірелер жер ат басы,
Ол – Тәубаның қақпасы.
Мұсылманның жақтасы,
Ол – Тәубаның қақпасы.
Қысылғанда тап басып,
Ашсаң Тәуба қақпасын,
Көз алдыңа әкелер
Лаухулмахбуз тақтасын.
Тұрсын ашық қақпасы,
Қатты серпіп жаппашы.
Рақым тілеп Рабыңнан,
Сабыр етіп, тоқташы.
Жақсылықтың аттасы,
Жолыңды ашар бақ басы,
Жанға байыз таптырған
Ол – Тәубаның қақпасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу