Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  51


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ара түспей жұлысқанға...

Ара түспей жұлысқанға,
Сына қағып ұғысқанға,
Ешбір жанды теңгермедің
Дәтің жетіп ұрысқанда.
Жұртпен қатар тұрысқанда,
Қаштың қиын жұмыстан да,
Бөгет болдың өз бетімен
Күнелтуге тырысқанға.
Пәлені іздеп дұрыстан да,
Күле қарап жылысқанға,
Ойға алмадың өкінішті,
Тамырларың құрысқанда.
Адалдармен алысқанда
Қалай келдің сол ұстамға?!
Кейін, бәлкім, опынарсың,
Барған кезде Көрстанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу