Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  80


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қазысы бітіп, сіңірі қалған...

Қазысы бітіп, сіңірі қалған,
Жемісі бітіп, түбірі қалған,
Қадірі кетіп, күбірі қалған,
Айтарын күтіп, сыбыры қалған
Тап болдық қандай қоғамға?
Қаскөйлер құрған шыға алмай тордан,
Қараумен жолға көздері талған,
Көргенге жәбір бола алмай қорған,
Өткенше жалған таусылмас арман
Не дейміз енді адамға?!
Болса да нәубет тағы да сынар,
Тартса да азап, сабырлы шыдар,
Пенденің қашан көңілі тынар?
Алланың берген әмірі шығар,
Сілкініс болса санамда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу