Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Алдымнан ақ күн туғызып...

Алдымнан ақ күн туғызып,
Таңертең ерте тұрғызып,
Шайтанды келген қуғызып,
Қолымды күнде жуғызып,
Балақты жаста жырғызып,
Басымды тасқа ұрғызып,
Жақсымен сұқбат құрғызып,
Мойнымды Хаққа бұрғызып,
Ілгері басқан аяқты
Әдемі жолмен жүргізіп,
Сөздерді жақсы естіртіп,
Істерді ізгі көргізіп,
Жетсем-ау деген талаптың
Тұлпарын жүйрік мінгізіп,
Жүрекке жылу енгізіп,
Санаға білім кіргізіп,
Тағамды халал жегізіп,
Ғаламның сырын білгізіп,
Көңілге бәрін сиғызып,
Жалғанда дәурен сүргізіп,
Жүргеннің өзі – бір қызық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу