Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  73


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жазықсызды шапқыншыға қырғызған...

Жазықсызды шапқыншыға қырғызған,
Намыстыны қорғанысқа тұрғызған
Мына фәни – тас қамал.
Өкініші жерге маңдай ұрғызбай,
Тізелерін қара жерге сырғызбай,
Кейбіреудің қызықтары таусылып,
Азаптары басталар,
Ал фәниден бақиға кеп өткенде,
Көздің жасын төккенде
Кейбіреудің азаптары таусылып,
Ғажаптары басталар.
Күнің келер қияметтен жасқанар,
Болған іске ұялатын шақ туар,
Қылған іске қиналатын сәт туар,
Арамзалар жанған отқа тасталар,
Адал жандар ақталар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу