Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  60


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көз суланып, шулағанда құлағың...

Көз суланып, шулағанда құлағың,
Бітелсе егер ағып жатқан бұлағың,
Бір Алла ғой бұлақ көзін ашатын,
Неге соны түсінбейсің, шырағым?
Жарамаса бір кәдеге жарағың,
Аяғыңа оратылса балағың,
Бір Алладан тілек тіле күні-түн,
Неге соны түсінбейсің, қарағым?
Орны толса ойсыраған олқының,
Бүтінделсе ақыл-есі жартының,
Бір Алла ғой бәрін жөнге салатын,
Неге соны түсінбейсің, жарқыным?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу