Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  51


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көбінесе еңбекшінің ақын жер...

Көбінесе еңбекшінің ақын жер,
Ел алдында есеп берсе әкімдер,
Тілге тиек жүзеге асып жатқаны
Жұғымы жоқ жарлықтар мен өкімдер.
Тауқіметін тартып жүрген қамыттың,
Жайын ұққын арып-ашқан халықтың.
Халық деген бір есімі Алланың,
Жүзін қалай жаба аласың жарықтың.
Берген уәде бос сөз емес ұмытылар,
Өтіріктің перделері жыртылар.
Саналарын жауласа да мың күмән,
Хақ алдында есеп берер күн туар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу