Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  60


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қысылғанда шығар шақта қиыннан...

Қысылғанда шығар шақта қиыннан,
Бір Тәңірге ата-бабам сыйынған.
Жарылқады Тәңірім деп түсінген
Алған кезде несібесін бұйырған.
Тәңір десем – табылғанда қорегім,
Тәңір десем – сұрап оның көмегін,
Тәңір десем – туған кезде өлеңім,
Тәңір десем – жалғыз Алла дегенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу