Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  202


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жақсы адамның жарасты ісіне жан сүйінер...

Жақсы адамның жарасты ісіне жан сүйінер,
Жемісі көп ағаштың басы төмен иілер.
Пенделерден не қайыр мұрнын көкке шүйірген,
Ақылы жоқ желікбас әлем-жәлем киінер.
Көлеңкесін түсіріп, болып жүрген елге құт,
Тамыры терең ағашты құлата алмас жел келіп.
Ұшы көкпен таласқан бәйтеректің қасында,
Майысса да жас шыбық тұрары анық тербеліп.
Ата салтын ұмытпас ақ сүт еміп, арда өскен,
Қиындықта мойымас жалаңаяқ қар кешкен,
Дәніккен мен құныққан аярлықпен күнелтсе,
От пен суда шыныққан морт сынбайды наркескен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу