Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  73


Автор: Жасұлан СЕРІК

Он күндей қатты ауырдым...

Он күндей қатты ауырдым,
Таппады емін әді ешкім.
Біресе саумын, тәуірмін,
Біресе дертпен егестім.
Доқтырлар содан бекінді,
Емдеуге мені дұрыстап.
Инелер салды не түрлі,
Дәрілер іштім уыстап.
Тамақтан деді ұшынған,
Шешімі болды ақырғы.
Ем-домы қонбай ұсынған,
Тамыршы шалды шақырды.
Тамырымды ұстап ойлап нық,
Деді шал: тәтті күйге ену.
Дертіңнің аты – бойдақтық,
Емделу жолы – үйлену!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу