Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  62


Автор: Ғафу Қайырбеков

Тату күндер «тақиясына тар келіп»...

Тату күндер «тақиясына тар келіп»,
Қату күндер əзəзілге əл беріп,
Бірін-бірі жұлып жеуге жұмсайтын
Осы біздегі нендей қырсық, не желік?
Жақсылықпен аты шықса біреудің,
Орынына онан сайын тілеудің –
Күні бұрын ор қазамыз құлайтын,
Құлай жатсаң, қажеті жоқ сүйеудің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу