Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  64


Автор: Ғафу Қайырбеков

Алтай күнді көтеріп...

Алтай күнді көтеріп,
Ылғи таңда тершіген.
Сол əурені көп көріп,
Қататындай ішек-сілең.
Алтайсызда күн шығып,
Күн батады, – дегенде,
Қояды Алтай күрсініп,
Көз жіберіп төменге.
Есіркей ме пендесін,
Қамыға ма, қайтеді?
Айта ма əлде Жерге сын
Күн – құрдасы, Ай теңі?
Ойламаудың бəрі – сор,
Сен де бір ой түйіп қой.
Күннің-дағы сəні – сол,
Биіктермен биік қой.
«Оңай көрген күніңнен,
Көрмегенің көп артық!» –
Дейді де, Алтай түнімен
Өзіне ауыр жүк артып,
Ыңыранып, ышқынып,
Күнді талмай көтерген.
Бір ғаламат күш қылып,
Ылғи қара, көктермен.
«Алтай» деген сөзің не, –
Еңбекті артық көрмесе,
Өзгеге де, өзіне
Күн шығарып бермесе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу