Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  79


Автор: Ғафу Қайырбеков

«Əйел мінезі» – дейтұғын

«Əйел мінезі» – дейтұғын
Сол тұста шолақ көпір бар.
Тасты мүжіп жейтұғын
Ұсақ-ұсақ толқындар.
Көлденең жатқан кісінің
Бойындай-ақ ендеуі,
Өзен екен кіші бір,
Атауға бірақ келмеуі.
Əзелде сайтан біліп пе,
Жұмысы барын не тығыз? –
Сол өзеннен жігітке:
– Арқалап өткіз! – депті қыз.
Аянбай жігіт елпектеп,
Арқалап қызды бері өтті...
Оны көрген еркектер
Намысы қозса керекті.
Өмір бойы əйелді
Ер арқалап өтпеске,
Жаман үлгі бар елге
Əдет болып кетпеске –
Жатып алып серттескен.
Шіркін, бұрынғы еркектер,
Салыпты осы көпірді.
Оқымайтын мектепте
Бұл бір сабақ секілді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу