Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  71


Автор: Марфуға Айтқожина

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕЛМЕН ҚАУЫШУЫ

Аруақты Ақ орданы аспандатып,
Өтуде не бір ғажап бастан уақыт.
Назары бар əлемнің өзіңізде,
Болар ма, бұдан артық асқан бақыт?!
Рухына Бабалардың басын иіп,
Шыңдардан не бір жолсыз асып жүріп.
Елім деп еңіреген,
Ер-жігітсің,
Мерейің содан болар жатыр биік!
Қалың жұрт толқып бүгін қуануда,
Күн болды сəті түскен, сірə, бұл да.
Қырандай еркін самғап ел көгінде,
Отырдың шомылдырып шуағыңа.
Қаншама ой, қаншама арман өрімделіп,
Ақ орда, аспандайды көңіл берік!
Құйылды қорғасыңдай əрбір сөзің,
Толқыған көңілдерге сенім беріп.
Жер – байтақ,
Тауы – құзар,
Орманы – бай,
Шүкірлік, бəрі-бəрі ойдағыдай.
Осынау бүкіл əлем жұрты үшін,
Толғанып келесіз
Сіз, толғанудай!..
Шартарап, үнің кетті жарып түзге,
Қарайды сенімменен халық Сізге.
Талпынса жас нəресте
Сізге ұмтылып,
Ұшады құс қанатын жайып бірге!
Жан тұрғай, қара тасты тербеді үнің,
Қуаныш, шаттық-думан жерде бүгін!
Ел-жұртың қолдап отыр,
Қолдай бермек,
Адамзат бақытына
Берген Ұлын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу