Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  101


Автор: Марфуға Айтқожина

АУЫЛЫҢ АЛЫС ҚАЛҒАН-АЙ!

Қос жанарың ақылдың ұясындай,
Жан емес ең,
Басқаға қиятындай.
Қол созсам да биігің жеткізбейтін,
Көрінуші ең көзіме –
Қия-шыңдай!..
Қайырмасы:
Ей, арман-ай, арман-ай,
Ауылың алыс қалған-ай,
Жалған-ай, жалған-ай!..
Тілеуші едің, дариға-ай, маған бақыт,
Көңілімді қойдың-ау,
Алаңдатып...
Тұнығындай Сайрамның –
Жанарыңның,
Тереңіне тұңғиық,
Барам батып!..
Қайырмасы:
Саған ғана арналды күй-арманым,
Көрсем-ау деп өзіңді қиялдадым.
Таулар жатыр арада,
Бөгет болып,
Сағыныштың жаңбырын –
Тыя алмадым!...
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу