Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  144


Автор: Сағи Жиенбаев

КҮЗГІ БАҚТА

Дірілдеп жалғыз жапырақ
Денесін суық қарыған.
Ақырғы сәтте жатып ап,
Айырылар емес талынан.
Қуалап дауыл сұр бұлтты,
Қоршады келіп көк төсін.
Қайырымсыз қолы тірліктің
Қояр ма күні жеткесін.
Қайта бір соғып қырындап,
Қалдырмай оның көркін де,
Әндетіп жүріп ыңылдап,
Әкетті жұлып сол түнде.
Қатал бір қара түкті қол
Жұлып ап оны оңай-ақ:
«Өзің де, жігіт, мықты бол,
Қайтесің,–деді-ау,–оны аяп..»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу