Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  83


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Келмей қойды тірлігім ымыраға...

Келмей қойды тірлігім ымыраға,
Әддім қалмай қол созам құмыраға.
Тарыдай бақ бітпеген тасмаңдаймын,
Ашылмады жолым бір ғұмыры, аға.
Жансарайым сартап боп, сабыламын,
Қарап жүріп несіптен қағыламын.
У назамды басардай алқымдаған,
Сырахана маңынан табыламын.
Жұрын күшік секілді қаңғырамын,
Өз-өзіммен сөйлесіп, мандырадым.
Көр-жерлердің қасында көзімді ілмей,
Уайым жеп, у ішіп таңға ұрамын.
Тастай қатқан заманым жібімеді,
Ақ көңілім адамнан түңіледі.
Кімдер менің кеудеме үңіледі?
Жеп тынады бұл тағдыр түбі мені.
Қанды балақ, шұбар төс қатыгезім,
Неткен сұмдық керемет – атың, өзің?..
…Таңдайына қазақтың тамызбақ боп,
Көз жасымнан көсіп ап, қатық ездім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу