Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  125


Автор: Серік Жетпісқалиев

БАЛЖАНҒА

Қайғыға бөгіп көңілім,
Айырылып мәннен өмірім.
Дағдарған кезде демедің,
Әулиелердей жебедің.
Бой тіктеп қайта жиналдым,
Сөзіңе сергіп, иландым.
Қалам ап қайта кірістім,
Іргесін қалап бір істің.
Сөйтіп бір жинақ шығардым,
Шашылып қалғам, құралдым.
Жалғаса берді жол содан,
Жырымның мәнін ұғар кім?
Үмітті алға жалғадың,
Жиенім, досым, Балжаным.
Сол күннен белгі болсын деп,
Саған бір өлең арнадым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу