Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  114


Автор: Серікбол Хасан

ҰСТАЗЫМ – АРДАҚТЫМ

Нұрын шашқан білімнің бар сыныпқа,
Жүзі әрдайым жүретін күлімдеумен.
Асыл ұстаз үйретіп жақсылыққа,
Бәрімізге сарқылмас білім берген.
Қайырмасы:
Ұстазым, ұстаз – анам, ардақтым-ау,
Өзіңдей менің асыл жан анам да.
Әлемді шықсам дағы шарлап мынау,
Айнымас аяулы адам таба алам ба?
Кеңейтіп көкжиегін бар баланың,
Үлгісін көркемдіктің қолданасың.
Үмітін, өскіндердің жалғап әнін,
Жетелеп болашаққа жол саласың.
Қайырмасы:
Ұстазым бір өзіңдей жылы ән бар ма?
Біздерге септің білім, беріп үміт.
Ұшамыз ертең алыс ұлы арманға,
Ұстаздың ұлағатын серік қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу