Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  79


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

МЕН КЕЛIППIН ӨМIРГЕ

Күн қызарып, жұлдыз жанжал салғанда,
Тұма жырлар өзегi үннен талғанда,
Жапырақтар суық қарып, солғанда
Мен келiппiн өмiрге.
Күшiк қайғы салқын бақты армандап,
Көкжал бөрi айды тiстеп алғанда,
Ай бетiнде шешек дағы қалғанда
Мен келiппiн өмiрге.
Өмiр деген дөңгеленген отарба,
Дөңгелегi сынып қалып сапарда,
Тоқтағанда кездесiп қап от олжа,
Мен келiппiн өмiрге.
Өмiр деген – жындыхана, жақ тынды,
Алып соғып, қақпақыл ғып лақтырды.
Жыр-тұлпардың дөңгеленген iзiнде
Өлеңiм боп, көз жасым боп қақ тұрды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу