08.06.2022
  162


Автор: Қайырды Назырбаев

МҰНДАЙ БАС ЕШКІМДЕ ЖОҚ...

 


Бошай Кітапбаев атамыздың Ленин атындағы колхозда бастық болып істеп жүрген кезі болса керек. Бірде егістікті аралап шығып түн ішінде жүк машинасының кабинасында келе жатқанда машина терезесінен басындағы шляпасы да- лаға ұшып кетіпті. Түн ішінде оны қайдан іздейміз деп оған қарамай, жүре берсе керек.


Ертеңінде колхоздың бір жылқышысы Бошекеңнің түсіп қалған шляпасын тауып алып, өзіне әкеп беріпті.


Батырекесі, мұның менікі екенін қайдан білдің? – де- генде, әлгі жылқышы: – Мұндай үлкен бас Сізден басқа ешкімде жоқ екенін білеміз ғой, – деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу