08.06.2022
  87


Автор: Қайырды Назырбаев

ОЛ ЖАҚҚА АСЫҚПАҒАН ЖӨН

 


2014 жылғы 27 қаңтарда Астанада қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова жерленді. Оның денесі Қара- керей Қабанбай кесенесі қасында ашылған жаңа Пантэонға қойылды. Ол Астанадан жиырма шақты шақырым қа- шықтықта орналасқан. Астанадағы сол жағалаудағы
«Көрме» Үйінде өткен Фаризаны шығарып салуға арналған қаралы жиыннан соң, жазушы Әлібек Асқаров, Парижден келіп жеткен ақын Олжас Сүлейменов, журналист Сауытбек Абдрахманов үшеуі бір машинамен Пантэондағы зиратқа қарай топырақ салуға кетіп бара жатыпты.
– Біздің машинада Олжекең отыр, қорықпай алдағы ма- шиналарды басып оза бер, – депті Әлекең жүргізушісіне.
Сонда Олжекең былай деген екен: – Ол жаққа асықпаған жөн.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу