08.06.2022
  91


Автор: Қайырды Назырбаев

НАҒЫЗ АРЛАН ҚАСҚЫРЛАР...

 


– Біреулер: «қасқыр қойды мойнынан ұстайды» десе, жазушы Кәдірбек Сегізбаев: «қасқыр қойды құйрығынан ұстайды да, құйрықты жұлып ап қылғытып жібереді» деп бой бермеді бірде, – деді Оралхан.
– Бірде бір қасқырды ұстағанымызда ішінен тоғыз қой- дың құйрығы шықты, – дегенде, бір жігіт күлкіден шыдай алмай аузындағы шайын «пых» деп бүркіп жіберіпті. Өзге жігіттер де күліп жіберді. Сонда Кәдірбек түк күлместен:
– Жігіттер, білмейсіңдер, – деді, – Нағыз арлан қасқыр- лар он бес қойдың құйрығын жұта береді, – деді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу