Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  72


Автор: Ислам Қосжан

Түн еді...

Түн еді...
Бұзылған бозбала жүрегі,
Байқалар екеудің реңі,
Жәй-жәйден сол түнге сіңеді.
Ту-у... Аулақта иттер үреді.
Түн еді...
Көрінбес көзге түк,
Қос ғашық кездесіп.
Оңаша үлгірмей сөйлесіп,
Жүректер кетіпті тілдесіп.
Түн еді...
Ай шамын бұлттарға іледі,
Қуланып, жай ғана күледі.
Түннің де дүрсілдеп жүрегі,
Ту-у... Аулақта иттер үреді.
***
Өшірмей ыстық сезімді,
Алдыңа жанып келіп ем.
Айтайын деген сөзімді,
Айта алмай тұрмын еліктен?!
Қырларды кезіп осылай,
Кетейік дедім,
Жүр бірге.
Қас-қағым сәтті осын-ау,
Қимаймын неше күндерге.
Бұл менің айтпақ,
Ойым ғой,
Сен соны сезіп білдің бе?!


Үндемей кеттің,
Күлдің де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу