Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  131


Автор: Асқарбек Бектемісов

ел деп туған қазақтың бір ұлысың

Ерлеріне артады халық сенім,
Асқарбегім талайдан парықты едің.
Сені ойласам маған да шабыт келіп,
Саған арнап бір өлең жазып келдім.
Торғайымда тұрсақта қарсы алып таң,
Сеніменен жүрген күнді аңсадық сан.
Қуанышыңа ақ сәлем алып келдім,
Өзіңнің қолтаңбаң бар Арқалықтан.
Тектілікке бастайтын жастар легін,
Әке арманын жалғаған дастан бе едің.
Әне-міне дегенше салып ұрып,
60 жасқа келіп қапсың Асқарбегім.
Назарбектей асылдың сынығысың,
Шөл қандырар бұлақтың тұнығысың.
Көз тартады өзің салған ғимараттар,
Ел деп туған қазақтың бір ұлысың.
Жазыласың дертіңе денең шыдар,
Рухың бар сынбайтын емен шынар.
Алла саған дерт берсе, қалам ұстап,
Екінші қырынан ашылсын деген шығар.
Өмір жылжып өтеді өкінбелік,
Қалыпты-ау 60 жасқа көшің келіп,
Бір кезде араласқан бес жанұя,
Бір қолдың бес саусағы секілді едік.
Туғаннан-ақ білмейтін жамандықты,
Жаны жомарт жігітсің санаң мықты.
Жігіт болса деп айтам сендей болсын,
Ұран ғылып көтерген адалдықты.
Асқарбек деп қоймаған атыңды жәй,
Ойың биік таулардың асқарындай.
Дос-жаранға кіршіксіз ақ пейілің,
Торғайдың бұлтсыз ашық аспанындай.
Асқарбегім, жүйрігім – арда күрең,
Торғайдың даласындай арманың кең.
Арынды 60 жасың құтты болсын,
Тойыңа шашу-жырды арнадым мен.
Құдайым қуат беріп, ұзақ жаса,
Майядай сүйіп алған жан-жарыңмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу