Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  84


Автор: Асхат РАЙҚҰЛ

Жалғанға кінə артам қалай...

Жалғанға кінə артам қалай,
Жазуы сол болса тағдырдың?
Жанымды жылатпа Құдай,
Құдіретті емеспін, жалғызбын.
Қимасым бар еді шаһарда,
Періште демеймін келбетін.
Аттанды тым ұзақ сапарға,
...Жалғыздық кезіп жүр бетін.
Опат боп қанаты сезімнің,
Көз тиді-ау, жоқ, əлде тағдыр ма?!
Тоналдым, торықтым, езілдім,
Күткенім, ол үшін жазғырма!
Тозаңды домалақ əлемде,
Жанымды жалғыз ғып Ол кетті.
Мынау күз азалы əуенмен,
Махаббат бесігін тербетті.
Кеудеден бір өксік кетпеді,
Кім білген осылай өтерін.
Жаз соңы қайырын төкпеді,
Көктемнен жақсылық күтемін.
Көктемнен жақсылық...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу