Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  117


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жүректі күнде жұбатам...

Жүректі күнде жұбатам,
Баладай қойған емізбей,
Ауырлап атты бұла таң,
Соқадан шыққан өгіздей.
Салса да өрге кім бізді,
Шешілер талай ауыр дау.
Жұқалау көрпе күндізгі.
Түндегі мамық қалыңдау.
Илеуі қанып далада,
Тарамыс болған қайыстай,
Салмақты түскен санаға
Көтеру қиын қайыспай.
Балбырап кеш те батады,
Қараңғы түн бе жатағы?!
Жанымда, бірақ, жатады,
Мейірлі күннің шапағы.
Беймаза мына күйіме
Білмеймін, қалай үйренем?!
Қосылдым қайта үйірге,
Жылқыдай құрық тимеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу