Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  133


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ұшқыр арман аспандағы бұлттан да əрі шарықтап....

Ұшқыр арман аспандағы бұлттан да əрі шарықтап,
Қанат қағып зеңгір көкте, бара жатыр қалықтап.
«Мен кеткен соң жайы олардың қандай болды екен?» – деп,
Биіктіктен жер бетіне көз саласың анықтап.
Көп нəрсені көре алмайсың тұңғиықтан, тереңнен,
Өзің сондай ірілікті сезінесің денеңнен.
Сол арада ойша оларды салыстырып қарасаң,
Барлығы да құп-құйттай боп көрінеді төменнен.
Ескертемін, досым, саған, қалма, бірақ, алданып,
Уақытша асып-тасқан көңіліңнің толғаны.
Жоғарыдан қарағанда жерде жүрген жандардың
Кішірейіп көрінерін ойлап қойсаң болғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу