Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Күндерім аз таза жүрген балағыма шаң қонбай...

Күндерім аз таза жүрген балағыма шаң қонбай,
Жаға-жеңге қір жұқса да, жүрдім, бірақ сəн қумай.
Шаң-тозаңды ата-ананың мейірімі сол тұста
Кетті шайып жаздың күні жаңа жауған жаңбырдай.
Бала көңіл дəл сол сəтте не түсінді, не білді?!
Жазатайым жығылсам да, жақсы көрдім өмірді.
Көңілімнің күншуағы нұр-сəулесін төккенде,
Көкжиекте көпір болып кемпірқосақ керілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу